00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16-ға жетті

28 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16-ға жетті
Фото: pixabay.com

Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы төтенше жағдайда қаза тапқандар саны 16-ға жетті деп хабарлады Elorda.info  АрселорМиттал Теміртау компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. 16 кеншінің мәйіті табылып, қалған 31 кеншіні іздеу жалғасуда. Апат орнында құтқарушылар өз жұмысын жалғастырып жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр, - делінген AMT компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.