Қарағандыда көлік жүргізушісі жол үстінде инсульт алып қалды
Қарағандылық патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажанмен Берік Кеңесовке бір автокөлік тоқтап, жүргізушісі 19 -шы ықшам ауданның қиылысында белгісіз автокөліктің жол шетіндегі бордюрға шығып тұрғанын хабарлаған, деп Elorda.info Қарағанды облысының Полиция департаменті сілтеме жасап.
Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Машина от алып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік,- деді патрульдік инспектор Ақжаркен Мұқажан.
Белгілі болғандай көлік жүргізуші инсульт алған. Оның өмірі өлім ауызында болған. Дәрігерлер қазіргі уақытта азаматтың денсаулығы бір қалыпты екенін айтты.