Алматыдағы өрт: Қаза болған тұрғынның отбасына 2 бөлмелі пәтер беріледі
2 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
«Ақкент» тұрғын үй кешенін салушы «Ayt housing Complex» компаниясы өрт кезінде терезеден секіріп, қаза тапқан адамның отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер береді, деп хабарлады Elorda.info.
Құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев тұрғындармен кездесу барысында өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді.
Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, тіркеу нөмірі L15-269 және L15-270. «АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани» ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық куәландыру 2023 жылдың 27 шілдесінде жүргізілді, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үйде өрт шықты.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды