Алаяқтар «Қазпошта» атынан жалған хабарламалар таратып жатыр
Соңғы кезде алаяқтар "Қазақстан поштасынан" жалған смс-хабарламалар таратып, тұтынушыларды алдап-арбап жүр, деп хабарлады Elorda.info "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда «Казпошта» АҚ клиенттер мен онлайн-платформа пайдаланушыларын аса сақ болуға шақырады. Бұған дейін фишингтік сайттар арқылы онлайн-тауарларды жеткізу қызметтерін ұсынатын алаяқтардың жағдайлары тіркелген.
«ҚР азаматтары мен «Қазпошта» клиенттеріне сәлемдемені жеткізуді тоқтату туралы хабарламалар жіберілуде. Өздерінің сәлемдемелерін төлеу және алу үшін алаяқтар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Хабарламалар жалған электрондық пошта мекенжайларынан жіберілуде» , – делінген ресми хабарламада.
«Қазпошта» АҚ ескертуінше, банк картасының нөмірі мен CVV кодын жарияламау аса маңызды.
«Егер сіз фишингтік сайттағы сілтемені пайдалана отырып, тауарды жеткізу төлемін жасауды шешсеңіз, бұл шешім үшін өзіңіз жауапты боласыз. «Қазпошта» АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жолдайды», – деп жазды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.