Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонуға мәжбүр болды

фото: Air Astana
Air Astana әуе компаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
TACC таратқан ақпаратқа сәйкес, оған борттағы бір жолаушының денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.
Тиісті сұрау түскеннен кейін әуежайдың дағдарыс орталығы мобилизацияланып, шұғыл қызметтер үйлестіріліп, барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 00:25-те сәтті қонды.
Жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, одан әрі тексеру үшін қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.
Air Astana компаниясының шешімімен Алматыға ұшатын рейс уақытша кейінге қалдырылды. Қалған жолаушы қонақ үйге орналастырылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:08
«Таза Қазақстан»: Астанада құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен ұйымдар жауапқа тартылды

Бүгін, 13:49
Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

Бүгін, 11:05
Криптовалютамен заңсыз айналысқан 130 алаңның қызметі тоқтатылды

14 қазан, 2025
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде заң бұзушылықтар анықтады