Ақтөбеде 24 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған 56 жастағы қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz Telegram арнасына сілтемемен.
Қылмыскер үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде яғни Ресей Федерациясында іздеуде жүрген.
Қылмыскер 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған,- делінген дереккөздегі ақпаратта.
Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Ұқсас жаңалықтар
17 қаңтар, 2025
Былтыр елордада өзгенің мүлкін бүлдірген 300-ден астам бұзақы жазаланды
17 қаңтар, 2025
Полицейлер бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады
17 қаңтар, 2025
Беларусь ірі алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады
16 қаңтар, 2025
Көкшетауда екі студенттен 15 млн теңгенің вейпі тәркіленді