Ақмола облысында жалған дипломмен жұмысқа тұрғандар анықталды
Ақмола облысында жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды, деп хабарлады Elorda.info
Ақмола облысы прокуратурасының тескерісі кезінде 2021ж. «К» деген азамат жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқаны анықталды.
Ол 2022ж. мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан. Нәтижесінде 4,9 млн теңге көлемінде қаражатқа қол жеткзген. Сонымен қатар , «К» 2 жыл бойы осы салада құзыретті болмасада балаларды оқытқан. Осындай жолды білім беру саласындағы тағы 12 «маман»пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты, - деп жазды Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.