«6 900 АҚШ доллары»: Түркістанда полиция бопсалау қылмысына күдікті блогерді ұстады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин
Түркістан облысында полиция бопсалау қылмысына күдікті блогерді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамның әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткені анықталды.
Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:42
ҚМА есірткі саудасымен айналысушыларға қызмет көрсеткен криптоайырбастау сервисінің жұмысын тоқтатты

Бүгін, 11:21
Қолайсыз ауа райы: Қостанайда жол жиегіне түсіп кеткен 9 көлік шығарылды

Бүгін, 11:02
Ішкі істер министрлігі 40 мың есірткі таблеткасын тәркіледі

26 қыркүйек, 2025
Құрылысшы мен «қонақ»: Атырауда мигранттар жазаланды