Астанада кабельдік каналдың қақпағын ұрлаған адамға үкім шығарылды
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
«Астана-АЭК» АҚ кәсіпорынның қоймасынан кабельдік каналдың 12 қақпағының ұрланғаны туралы мәлімдеді. Кінәліге үкім шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласының Алматы аудандық соты елорда тұрғынын кәсіпорынның мүлкін ұрлады деген айыппен қылмыстық істі қарады.
2023 жылғы 2 ақпанда Ш. деген азамат Шарбақты көшесіндегі қоймаға заңсыз кіру жолымен кабель каналының 12 қақпағын ұрлап, «Астана-АЭК» АҚ-ға 211 050 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.
17 наурызда сот үкімімен сотталушы ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды