00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада кеңседен қызметтік ноутбуктарды ұрлап кеткен ұры ұсталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада кеңседен қызметтік ноутбуктарды ұрлап кеткен ұры ұсталды

Ақмола облысының тумасы түнде өзінің Lada Granta көлігімен Сығанақ көшесіндегі әкімшілік ғимараттың жанынан өтіп бара жатып, техникалық құрал-жабдықтарды ұрлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында ер адамның бейтаныс адамдардың жоқтығын пайдаланып, терезені бұрағышпен сындыру арқылы заңсыз кіріп, үстелдің үстінде жатқан Asus және НР ноутбуктерін ұрлап кеткені анықталды. Осыдан кейін ол техниканы кеңседен шығарып, арзанға сатып жібергісі келген. Кәсіпкерге келтірілген шығын 1 млн теңгеге жуықтайды.

Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған ер адам кінәсін толық мойындады, оның Астанада бұрын да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.