Елордада былтыр жаяу жүргіншілердің кінәсінен 135 жол апаты болған
Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті патрульдік полиция полкі штабының бастығы Әуесхан Тәжіғұлов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Өткен жылдың 12 айында елордада 683 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам қаза тапты, 2021 жылы – 557 жол апаты болып, 35 адам қаза тапқан, бір жылда өлім-жітім 20% төмендеді. 2022 жылы жол апатынан 750 адам жарақат алса, 2021 жылы – 595 адам, мұнда 26% өсім бар. Жол апатынан зардап шеккендерге талдау жасалды, осылайша жүргізушілердің кінәсінен – 548 ЖКО болған (+31%), онда 20 адам қаза тауып, 620 адам зардап шекті. 2021 жылы – 470 ЖКО болған еді», - деді ол Есіл аудандық Полиция басқармасында өткен брифингте.
Оқи отырыңыз: Бір күнде 100-ден астам азамат өз автокөліктерін заңдастырды
Елімізде шетелдік көлікті заңдастыруға арналған сервис іске қосылды
ІІМ басшысы мен елорда әкімі Астана қаласы ПД бөліністерін аралады (ВИДЕО)
Сондай-ақ, полиция өкілінің айтуынша, жаяу жүргіншілердің кінәсінен 135 жол-көлік оқиғасы болған, онда 8 адам қаза тауып, 130 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алды. 2021 жылы 13 адам мерт болып, 125 адам жарақат алған.
Айта кетейік, жыл басынан бері елордада 6 мыңға жуық жол ережесін бұзу жағдайы анықталды, 80 жүргізуші мас күйінде ұсталды.