Астанада жалдамалы жұмысшы қожайынының үйіне ұрлыққа түскен
Елордада шетелдік азамат өзі жөндеу жұмыстарын жасаған үйге ұрлыққа түскен, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Пәтерді жөндеуге жалданған Өзбекстан азаматы үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұрлық жасаған. 10 күн ішінде шетелдік азамат С-189 көшесіндегі жәбірленушінің пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жөндеу жұмыстары кезінде ол болгарка, перфоратор, инсталляцияның және т.б. жиынтықтаушы заттарын ұрлаған, осылайша 800 мың теңге шығын келтірген. Кейін ұрланған заттарды ер адам құрылыс базарының жанында өтіп бара жатқан адамға 60 мың теңгеге сатып, ақшаны жұмсап тастаған.
Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Өзбекстанның 35 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шетелдік азамат өзінің заң бұзушылық әрекеттерін толық мойындап, бүгінгі күні елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.