00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Мемлекеттік бағдарламамен пәтер әперемін»: Астаналық әйел тұрғындарды алдаған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Мемлекеттік бағдарламамен пәтер әперемін»: Астаналық әйел тұрғындарды алдаған

Астанада 31 жастағы тұрғын азаматтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға жәрдем көрсетуге уәде берген, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үй сатып алғысы келетіндердің күдігін келтірмес үшін ол мемлекеттік мекемеде байланыстары барын айтып, айласын асырған. Шын мәнінде, әйелдің мемлекеттік мекемеге ешқандай қатысы жоқтығы анықталды.

Күдікті 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін елорданың 10-ға жуық тұрғынын алдап келген. Жәбірленушілер енгізген бастапқы жарна сомасы 1-ден 1,5 млн теңгеге дейін болған. Өзінің сыйақысын ол бірден алған, алайда берген уәдесін орындайтын ойы болмаған. Қала тұрғыны кінәсін толық мойындады, – делінген хабарламада.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция атап өткендей, аталған баптың санкциясы 1 мың АЕК-ке дейінгі айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге дейін немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.