00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бас прокурор: Мәсімовтің ісінде ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер бар

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас прокурор: Мәсімовтің ісінде ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер бар

Бас прокурор Берік Асылов Мәжілісте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ісі туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр.

ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау және басқа да аса ауыр қылмыстар туралы іс «аса құпия» режимінде тергелді. Материалдарды жариялауға шектеу қойылған, өйткені оларда мемлекеттік құпиялар бар. Істе сыртқы саяси, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметіне қатысты мәліметтер бар. Оларды жариялау ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Басқа ақпаратты аша алмаймын, - деді Берік Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау; билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер; лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді.

Тағы бір орынбасары Ерғожин билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша айыпталуда. Сондай-ақ бұрынғы орынбасары Осиповке және ҰҚК бөлімшелерінің басқа басшыларына өкiлеттiктерді асыра пайдалану айыбы тағылып отыр.