00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әуежайында жыл басынан бері жолаушылардан 6 мыңға жуық тыйым салынған зат табылған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әуежайында жыл басынан бері жолаушылардан 6 мыңға жуық тыйым салынған зат табылған

Елордалық әуежайдың қауіпсіздік қызметі жолаушының қол жүгінен кірпіш тауып алды, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторлары жылдың басынан бастап жолаушыларды тексеру пунктерінде 6 мыңға жуық тыйым салынған зат тапқан.

Тексеру барысында көзге ерекше түскен заттардың қатарында чемодандардың тұтқалары мен белдіктер, сонымен бірге аяқ киімдерде жасырылған кастеттер мен пышақтар болды.

Ал, жолаушылардың бірінің қол жүгінен, тіпті, құрылысқа арналған кірпіштер табылған.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі қазақстандықтарға қол жүгінде қандай заттарды алып жүруге болмайтыны туралы және ұшақтың бортына неге шашқа арналған лак, гель және қырынуға арналған көбік сынды қауіпті емес заттарды алып кіруге жол берілмейтінін айтып берді.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыйымдылығы 100 мл-ден асатын контейнерлердегі кез келген сұйықтықты (су, сусындар, қырынуға арналған көбік және т.б.), әсіресе белгісіз құрамдағы заттар мен сұйықтықтарды (зауыттық қаптамасыз, техникалық паспортсыз және сертификатсыз) қол жүгімен тасымалдауға тыйым салынады.

Айта кеткен жөн, бұл - астаналық әуежайдың ойлап тапқан ережесі емес, әлемдік авиациялық тәжірибеден алынған жағдайларға негізделген қауіпсіздік стандарты.