00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ер адам бірге тұратын әйелінің ақшасын ұрлап кетті

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанада ер адам бірге тұратын әйелінің ақшасын ұрлап кетті

Астанада ер адам бірге тұратын әйелінің ақшасын ұрлап кетті,  деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғыны оның үйінен 190 мың теңге көлемінде ақшасы жоғалғаны туралы өтініш білдірді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдіктіні анықтады.

Ұрлық жасаған оның 36 жастағы бірге тұратын ер адамы болып шықты. Екеуі үш жыл жеке қарым-қатынаста болған. Ер адам оның пәтерінде тұрған, бірақ бір уақытта екеуінің қарым-қатынасы нашарлай бастап, әйел арақатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Кетіп бара жатып, ер адам суырмада жатқан тұрған алып кеткен. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.