00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада есірткі сатқан медицина қызметкері жұмыс орнында ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада есірткі сатқан медицина қызметкері жұмыс орнында ұсталды

Астанада көлік полицейлері гашиш өткізген медицина қызметкерін дәл жұмыс орнында ұстады, деп хабарлады Elorda.info

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ІІМ Көліктегі полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әскери бөлімнің арнайы мақсаттағы және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелерімен бірлесіп, Астана қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аса ірі мөлшерде есірткі өткізген ер адамды ұстады. Медицина қызметкерінің жұмыс орнын тінту кезінде жеке шкафында ерекше иісі бар сұр-жасыл түсті ұнтақ заты бар 4 полиэтилен орамы тәркіленген. Оның 240 грамм салмағы бар гашиш болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды.