00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада дүкеннен шоколад ұрлаған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада дүкеннен шоколад ұрлаған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)

Астанада полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу дүкеннен бір қорап шоколадты ұрлап кеткенін айтып, арызданған, деп хабарлады Elorda.info.

Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің күндіз сағат 12:00 шамасында Бейбітшілік көшесінің бойындағы дүкендердің біріне келгені анықталды. Содан бойжеткен сатушының басқа клиенттерге назар аударған сәтін пайдаланып, бір қорап «Kinder Сюрприз» шоколадын сырт киімінің ішіне жасырып, дүкеннен шығып кеткен. Ұрлық болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 8 мың теңгеден астам соманы құраған.

Фактіге сәйкес «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.