БҚО-да ер адам ұлын пышақтап өлтірген
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Батыс Қазақстанда ер адам өз ұлын пышақтап өлтірген, деп хабарлады Elorda.info.
«Мой город» порталының жазуынша, қайғылы оқиға 11 қазан күні Ақжайық ауданында болған.
65 жастағы ер адам мен оның 42 жастағы ұлының арасында жанжал туындап, ер адам баласын басы мен мойнынан пышақтаған. Алған жарақатынан ұлы сол жерде көз жұмды.
Облыстық Полиция департаменті мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, күдіктінің Уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды