00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шұлық ішіне есірткі жасырған сотталушы анықталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Шұлық ішіне есірткі жасырған сотталушы анықталды

Елордада қоныс-колониясының сотталғаны шұлық ішіне есірткі жасырған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесінің қызметкерлерімен қала аумағында орналасқан жұмыс орнынан келген жазасын өтеушілерді тексеру кезінде сотталғанның шұлығында жасырылған жалпы салмағы 3,96 грамды құрайтын есірткі табылды. ЕЦ-166/10 мекемесінің бастығының орынбасары Бағдат Амангельдиновтың айтуы бойынша, мекеме қызметкерлерінің жедел ақпаратының арқасында тағы да бір тыйым салынған затты мекеме аумағына алып кірудің алды алынды.

Аталған дерек бойынша тыйым салынған затты алып кірмек болған азаматтан түсініктеме алынып, оған қатысты ҚР ҚК 296- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.