«Көрінген адамнан қорқып жүрмін»: Жамбыл облысында көз жұмған сарбаз хат қалдырған
Сарбаздың өлгені туралы алғаш ақпаратты қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Facebook-тегі парақшасында жазған. Автордың жазуынша, оқиға 19 тамыз күні болған. 2004 жылы туған сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқи отырыңыз: Бақытжан Ертаев: Әскерде әлімжеттік көрсететіндер – «контрактниктер»
Дегенмен сарбаздың өліміне қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тек сарбазды ақтық сапарға шығарып салар кезде онымен бірге әскери қызметте болған сарбаздар Миялы ауылына келген екен. Сол кезде «сарбаздың қызымен ұрсысып қалып, осындай қадамға барғаны» туралы айтылған болуы керек. Алайда сарбаздың сол ауылдағы қызы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол видеода Бекболдың хатын жариялады.
«Бәрінен қорқып жүрмін. Көрінген адамнан қорқып жүрмін. Адамнан қорықпайтын едім. Қаншама достарым бар еді. Бәрі қалды. Сен де жанымда емессің. Менің өмірден жоқ болып кеткім келеді. Внатуре түңіліп кеттім. Мынандай қорқыныш сезім өткенше өлгенім артық қой. Мен сені жақсы көрем», - деп жазып кеткен қызына Бекбол.
Ал сарбаздың ағаларының бірі көз жұмар алдында Бекбол «жарты сағаттың ішінде 28-30 мың теңге тауып берші» деп жалынғанын айтады.