00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Техникалық қызмет орталығын тонаған елордалық ұсталды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Техникалық қызмет орталығын тонаған елордалық ұсталды

Polisia.kz мәліметінше, 45 жастағы ер адам ТҚС-ның үй-жайына кіріп, 2 автокөтергіш, гидравликалық пресс, кран-гусак, компрессор және гидравликалық тіреу ұрлап кеткен.  

Тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде жедел шаралар кешенін өткізді. Нәтижесінде елорданың 45 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта ұрланған заттар табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, ер адам бұған дейін соты болмағаны, ал қылмысқа бірден көп ақшаға ие болу үшін барғаны белгілі болды.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.