«Мейрамхана әкімшісімін»: айласын асырған елордалық ұсталды
25 ақпан, 2023
Айман Нығмет
Әйел қаскүнемнің интернет желісіне салған хабарландыруы бойынша қоңырау шалып, алаяқтың қармағына түсіп қалған. Күдікті өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, көптеген қонақтармен іс-шара ұйымдастыруға және өткізуге уәде берген және 590 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алған. Бұл қаражат ғимаратты броньдау үшін қажет деп түсіндірген.
Тапсырыс беруші осы шартпен келісіп, қажетті қаржыны берген. Ер адам ақшаны алып, қайта байланысқа шықпаған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елорданың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:43
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
Бүгін, 09:33
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды