00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық біліктілік тестілеу кезінде мұғалім қайтыс болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық біліктілік тестілеу кезінде мұғалім қайтыс болды

Бүгін, 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, - делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық Білім басқармасының өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Бұл соңғы 4 жылдағы алғашқы өлім оқиғасы. Тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі, - деп қосты олар. 

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтті.

Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді, - деді ҰТО баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі берілетінін айтты.