00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жасөспірім қыздың телефонын ұрлаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жасөспірім қыздың телефонын ұрлаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің күндізгі уақытта «Сарыарқа» СОО-да болғаны анықталған. Адамдардың көп жиналғанын көріп, жанында тұрған кәмелет жасына толмаған қыз баланың күртешесінен 70 мың теңге тұратын «Виво» маркалы ұялы телефонын ұрлаған.  

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 41 жастағы ер адам ұсталды. 

Қазіргі уақытта ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берген. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – делінген хабарламада.

Полицейлер азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.