Нұр-Сұлтанда парфюмерлік бутиктен қымбат иіссулар ұрлаған жігіт ұсталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 19 жастағы қала тұрғынын ізін суытпай ұстады.
Ұрлық орын алған сәт бутиктің сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнетаспада жігіттің сөреден екі қорап парфюмді ұрлап алып, үй-жайдан еш кедергісіз шығып кеткені көрініп тұр, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады. Жас жігіт ұрланған тауарлардың біреуін нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағаға сатып үлгерген, ал екіншісі тәркіленіп иесіне қайтарылды.
19 жастағы жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды