Нұр-Сұлтан-Қосшы тас жолында автобус пен 11 көлік соқтығысты (ВИДЕО)
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрлардан автобус пен бірнеше көліктің қатты зақымдалғанын көруге болады.
Полициядағылар жол-көлік оқиғасының 23 наурызда 14:30-да болғанын растады.
Қосшы қаласынан Нұр-Сұлтан бағытындағы тас жолда 12 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Апатқа жылдамдық режимін сақтамау себеп болған. Қаза тапқандар жоқ. Жарақат алған үш адам дәрігер қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды, - деді Полиция департаменттегілер.
Бүгінде осы дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Патрульді полиция кезекші бөлімінің басшысы Айбек Нартпаев тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған көлік жүргізушілеріне көмек көрсетуде, сондай-ақ қоғамды тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қадағалайтынын айтты.