00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізуші жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізуші жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

Полиция департаментінің мәліметінше, 20 ақпанда таңғы сағат 4.00-де Мәңгілік ел даңғылымен келе жатқан Daewoo Nexia көлігін тізгіндеген 23 жастағы жүргізуші Сығанақ көшесі жағынан Алматы көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін жүргізуші үйіне шығарылды, жолаушы қалалық ауруханаға жатқызылды. Факт бойынша тергеу жүріп жатыр, - делінген хабарламада.