00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ШҚО-ның 61 жастағы тұрғыны есірткі сатумен айналысқан (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ШҚО-ның 61 жастағы тұрғыны есірткі сатумен айналысқан (ВИДЕО)

«Құқықтық тәртіп» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Семей қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге қалада есірткі сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. 61 жастағы Семей тұрғыны жалпы салмағы 4,73 грамм «гашиш» есірткісін 36 жастағы ер адамға 8 мың теңгеге сату барысында ұсталды.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде балконнан бір полимер түйіншек және жасыл түсті ұнтақ табылды. Олар қағазға салынған. Сондай-ақ ас үйдегі терезенің алдында ерекше иісі бар жасыл түсті зат, бір қағаз түйіншек табылды. Тоңазытқыштан жасыл түсті ұнтақ тәркіленді. Балконның терезесінен пластикалық пакеттерге салынған жасыл түсті ұнтағы бар пластикалық контейнер табылды, - делінген хабарламада.
 

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар жалпы салмағы 169,29 грамм «гашиш» есірткі болып шықты.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - делінген хабарламада.