00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада мигрант жұмыс берушісінің 3 млн теңгесін жымқырып кетті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мигрант жұмыс берушісінің 3 млн теңгесін жымқырып кетті

Полицияға алаяқтық фактісі бойынша алкоголь өнімдерінің саудасымен айналысатын кәсіпкер жүгінген.

Кәсіпкер әйелдің айтуынша, Тәжікстаннан келген жұмысшының бірі оның 3,1 млн теңгесін алдап, иемденіп кеткен.

24 жастағы шетелдік азамат өткен жылдың жазынан бастап дүкенде жүк тиеуші болып жұмыс істеген. Кәсіпкердің сеніміне кірген ол әйелге көтерме бағамен алкоголь сатып алуды ұсынған. Жігіт супермаркеттердің ірі желілерінің бірінен досы оған арзан бағамен алкоголь алуға көмектесетінін айтқан. Содан ЖК иесі қажетті соманы қызметкерінің қолына беріп, онымен бірге тауарды жеткізу үшін «Газель» автокөлігін жіберген. Күдікті жүргізушіні супермаркеттің тұрағында қалдырып, өзі ішке кіріп кетіп белгісіз бағытқа қарай бой тасалаған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында шетелдік азаматты Сарыағаш қаласында ұстады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Полиция департаменті.

Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.