00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Құтқарушылар дәретхана шұңқырына түсіп кеткен баланы құтқарды (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Құтқарушылар дәретхана шұңқырына түсіп кеткен баланы құтқарды (ВИДЕО)

2022 жылдың 23 қаңтарында «112» қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы арқанның көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.