00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда мас жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды

Осыған байланысты аулаларды және пәтерлерді аралау, ТЖ және карантин кезеңінде заңбұзушылықтарға жол бермеу туралы елорда тұрғындарымен және қонақтарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өткен тәулікте қалада 105 жол-көлік оқиғасы тіркелді, зардап шеккендер жоқ. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін бір жүргізуші ұсталды.
Күндізгі уақытта Сейдалин көшесімен келе жатқан «Hyundai Tucson» маркалы автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі «Hyundai ACCENT» автокөлігін қағып кетті. Куәландыру нәтижелері бойынша «Hyundai Tucson» жүргізушісі орташа ауырлықтағы мас күйде болған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешіміне сәйкес, тәртіп бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасы барысында 2516 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 980-і тұру ережелерін бұзу, 214-і қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу және 1300-ден астамы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін анықталған.

Учаскелік полиция инспекторларымен 5882 жалдамалы тұрғын үй және 490 хостел тексерілді.