Бала күтуші қыз 1,5 млн теңгенің алтын бұйымдарын жымқырған
Шымкенттік жас қыз әуелі үй иесінің неке жүзігін ұрлап, сатып жібергені белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Абай аудандық полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданды. Ол жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен құны 1,5 миллион теңге тұратын алтын әшекейлерінің жоғалғанын жеткізген. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, істің мән-жайын нақтылау барысында сол үйде бала күтімімен айналысатын 19 жастағы қыз күдікке ілінген. Тәртіп сақшылары шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні Абай аудандық Полиция басқармасына жеткізді, - деп жазылған хабарламада.
Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша іс қозғалды.
Жас қыз әуелі үй иесінің неке жүзігін ұрлап, сатып жібергені белгілі болды. Кейін сөредегі алтындарға көзі түсіп, оны да қаладағы базарларға апарып өткізгені анықталды. Күтуші өз кінәсін толық мойындап, бұл ісі үшін өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші келтірген материалдық шығынның толығымен өтелуіне байланысты, азаматшаға кешірім берді, - деп жазылған хабарламада.