Мәжіліс сот жүйесін реформалау туралы заң жобасын қарайды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Депутаттардың талқылауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылады.
Парламент депутаттары бастамашы болған түзетулер Мемлекет басшысының сот жүйесін реформалау жөніндегі бірқатар тапсырмасын іске асыруға бағытталған.
Сонымен қатар Мәжіліс Қазақстан мен Қатар арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:25
Әсел Жанәбілова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды

17 қазан, 2025
Мәжілісте 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралады

15 қазан, 2025
Фильмдер арқылы дөрекілік пен көргенсіздікті насихаттап жүрміз – депутат

15 қазан, 2025
Елімізде ауызсудың сапасы төмендеп жатқаны рас па – депутат сауалы