UNESCO бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды
7 маусым, 2023
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Астана Халықаралық форумына қатысу үшін ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанға келді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс сапары аясында Одрэ Азуле Түркістан қаласына барып, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді.
Нысанды аралау барысында Мемлекеттік кеңесші, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйымның басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Одрэ Азуле Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралары жөніндегі ақпаратты үлкен ықыласпен тыңдады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі
19 қараша, 2024
Мысырды билеген Шеркеш сұлтандары туралы кітап жарыққа шықты
19 қараша, 2024
XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады
18 қараша, 2024
Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті