00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Tashkent Summer Festival 2023»: «Балдәурен» оркестрі бас жүлде жеңіп алды

7 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Tashkent Summer Festival 2023»: «Балдәурен» оркестрі бас жүлде жеңіп алды

Аты аңызға айналған әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №2 Балалар музыка мектебінің оқушыларынан құрылған «Балдәурен» оркестрі Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен «Tashkent Summer Festival 2023» халықаралық байқау - фестиваліне қатысып «Халық аспаптары» номинациясында бас жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

 «Балдәурен» оркестрінің жетекшісі - Стамғазы Архат, Ташкент қаласында өткен Халықаралық мәдени байланыстарды нығайту және шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мақсатында өткен «Tashkent Summer Festival» халықаралық байқау – фестивалінде оркесторымыздың өнер көрсеткені үлкен абырой. 

Оркестр Астана қаласының көпшілік шараларда өнер  көрсетіп, Республикалық, қалалық  облыстық байқауында жүлделі орындарды алып жүр. 

Таланты жастардың  басын қосып,  ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен №2 Балалар музыка мектебінің директоры Ли Владислав Владимировичқа рахмет айтамыз