«Сағат таққан әйел» 139 миллион АҚШ долларына сатылды
10 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото-коллаж: Elorda.info
Әйгілі суретші Пикассоның Femme a la Montre («Сағат таққан әйел») туындысы осы жылғы аукционда сатылған ең қымбат картина ретінде танылды, деп хабарлады Elorda.info
ВВС арнасының ақпаратынша, өнер иесі бұл шығарманы 1932 жылы салған. Картинада суретшінің бұдан басқа да бірнеше туындыларының кейіпкері болған, француздық модель Мария-Тереза Вальтердің бейнесі салынған.
Әйгілі туынды аукционға дейін 120 миллион АҚШ доллары деп бағаланған. Картина алғашында өнер туындылары коллекциясын жинаушы марқұм Эмили Фишер Ландаудың жеке қорында болған. Ол оны 1968 жылы аукционда сатып алған.
Айта кетейік, Пикассоның бұған дейін «Алжир әйелдері» деп аталатын картинасы 2015 жылы Christie’s аукционында 179,3 миллион АҚШ долларына сатылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі
19 қараша, 2024
Мысырды билеген Шеркеш сұлтандары туралы кітап жарыққа шықты
19 қараша, 2024
XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады
18 қараша, 2024
Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті