«Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалінің жеңімпаздары анықталды


Астанада мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі қорытындыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мемлекеттік музейлер, кітапханалар және мәдени-демалыс ұйымдары арасында өтті. Оған қатысу үшін 86 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 32 мұражай өтінім тапсырған.
Байқау материалдарын үш күн бойы білікті қазылар алқасы сараптады. Қорытынды отырыс нәтижесінде 19 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясы бойынша Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі» жеңімпаз атанды.
«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар музей» деп Павлодар облысы, «Ертіс мультимедиялық музейі» танылды. «Облыстық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясын Ғаббасов Нұрболат Талапұлы, Ақтөбе облыстық тарихи- өлкентану музейінің қорларды ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі жеңіп алды. «Аудандық (қалалық) маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясын Комбатурова Ұлболсын Даниярқызы, Ақмола облысы Ілияс Есенберлин әдеби музейінің меңгерушісі иеленді.
«Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік кітапхана» номинациясы Абай облысы, «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасына» берілді.
«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік кітапхана» деп Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» танылды.
«Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана» номинациясын Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қайрат ауылдық кітапханасы жеңіп алды. «Балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдерге арналған үздік кітапхана» номинациясы Қарағанды облысы, Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасына» берілді.
«Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» деп Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы танылды. «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясын Хонж Алпысбай Әбділұлы, Павлодар облысы «С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы», С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының жетекшісі иеленді.
«Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері» деп Ешова Нұрбақыт Қосаумырзақызы, Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық орталық кітапханасының әдіскері танылды. «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапханасының қызметкері» номинациясы Тұрманова Рима Қалдыбекқызына, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының кітапханашысына берілді.
«Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арланған үздік кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша Нұрланов Рауан Әуесбекұлы, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы жеңімпаз атанды.
«Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені» номинациясы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығына» берілді. «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы» номинациясын Маңғыстау облысы, «Бейнеу аудандық «Абыл» мәдениет үйі иеленді. «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы» номинациясы Солтүстік Қазақстан облысы, Рузаев ауылдық мәдениет үйіне (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Рузаевқа ауылы) берілді.
«Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені қызметкері» номинациясын Мәлік Қонысбек Зұлпыхарұлы, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының мәдени ақпараттандыру секторының меңгерушісі жеңіп алды. «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері» деп Доспулаева Арнагүл Едекешқызы, «Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аундандық демалу орталығы» Бөрлі аудандық демалу орталығы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары танылды.
«Үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб қызметкері» номинациясын Майра Бекбердиева, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Түлкібас кент ауылдық клубының меңгерушісі иеленді.



