Науқасқа шалдыққан Жүрсін Ерманның денсаулық жағдайы белгілі болды
Науқасқа шалдыққан белгілі ақын Жүрсін Ерманның денсаулық жағдайы белгілі болды. Әлеуметтік желіде ақынның шәкірттері оның суреттерін салып, жазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Ақын Қазырет Бердіхан Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарғаны туралы жазды.
Өзбекстаннан Талғат Орынбек деген тамаша талант, айтыскер бауырымыз Жүрсін Ерман көкемізге амандаса келіпті. Көкеміздің денсаулығы жақсарып, далаға шығып, таза ауа жұтып жүрміз, - деп жазды ол.
Айт қарсаңында бір топ зиялы қауым өкілі ақын Жүрсін Ерманның шаңырағында бас қосқан. Кадрлардан Асанәлі Әшімов, Алтынбек Қоразбаев секілді танымал өнер иелерінен бастап, Аманжол Әлтаев, Бауыржан Халиолла, Мұхтар Ниязов секілді айтыскерлерді көруге болады.
Айт күні айтысқа қатысы барлардың біразы Жүрсін көкеміздің шаңырағында бас қосты! Мұхтар Ниязов айтпақшы, айттан айтқа, айтыстан айтысқа аман жете берейік! - деп жазды Қазырет Бердіхан.