Маңғыстаулық 87 жастағы шебер Димаш Құдайбергенге арнап шашақ жасады

7 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Маңғыстаулық 87 жастағы шебер Димаш Құдайбергенге арнап шашақ жасады
фото: видеодан алынған кадр

87 жастағы Шархат Төлемісова Ақтауда өткен «Ақтау-түркі әлемінің астанасы» іс-шарасына қатысты. Ол Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге арнап шашақ жасап, оны өзі табыстау үшін Шетпе ауылынан келген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бізге Димаш баламыз келетінін естігенде «Неге мен жер-жерді аралап жүрген қазақтың баласына бір тал шашақ байламаймын?» дедім. Мен оның домбырасына қалайда шашақ тағуым керек деп ойладым,- деді маңғыстаулық шебер.

Димаш Құдайберген әженің дайындаған сыйлығы туралы әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты.

«Әжеміз маған ерекше сыйлық дайын қойғанын әлеуметтік желіден оқыдым. Концерттен кейін онымен кездесуім керек деп ойладым» ,- деді ол.

Сондай-ақ Димаш шебер әженің шебересіне сыйлық табыстады.

Шашақ — дәрежені білдіретін рәміздік белгі. Жылқының, аңның құйрықтары, түсті мата бау (лента), жібек Шашақ тағылған найзалар орта ғасырда хандардың, патшалардың, әскербасылардың, батырлардың дәрежесін білдірген. Шығыс халықтарында бұл заттарды аттың мойнына да таққанын бейнелеу өнері ескерткіштерінен көруге болады (қара Байырғы әскери рәміздер). Қабыланның құйрығы, мата баулар — хандардың, шахтардың, ал аттың, қодастың құйрығын тағу, жібектен жасалған Шашақтар әскербасылар мен батырлардың дәреже белгісі болған. Кейде дәрежесіне қарай бұл аталмыш белгілері қосарланып тағылды.