Елордада әлемге әйгілі композитор әрі пианист Стив Баракатт өнер көрсетті


Халықаралық әйелдер күніне орай «Астана Операда» әлемге әйгілі композитор әрі пианист Стив Баракатт өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онымен бірге сахнаға 125 музыкант, вокалист және балет әртістері шықты. Осылайша, Стив Баракатт «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында өз туындыларын таныстырған алғашқы солтүстік америкалық композитор әрі пианист болды.
Бұл өнер көрсету дирижер Элмар Бөрібаевтың басқаруындағы «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, балалар хоры және балет труппасы қатысатын көпбейінді көркемдік әріптестікке айналды.
Néoréalité әлемдік турының аясындағы бағдарламада C.Баракаттың ең айтулы композициялары ұсынылды, оның ішінде Néoréalité, «Көкке самғаймын», «Отан», «Ливан қарағайлары», «Бесік жыры» (ЮНИСЕФ гимні) және оның жоғары бағаланған Ad Vitam Aeternam симфониясынан бірнеше бөлімдер бар.