Димаштың әні ең көп тыңдалған 100 композиция қатарына енді

9 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Димаштың әні ең көп тыңдалған 100 композиция қатарына енді
фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, деп хабарлады Elordainfo.kz dimashnews-ке сілтеме жасап. 

Аталған ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді», - деп жазылған хабарламада.

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

фото: dimashnews.com