Димаш Абай өлеңдерінен челлендж бастады
9 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Ұлы ақынның туған күніне орай әнші өз жанкүйерлеріне Абай өлеңдерін оқып, бейнежазбаны желіде бөлісуді ұсынды, деп хабарлайды Elorda.info.
Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Челленджге қатысу үшін Абайдың кез келген шығармасынан үзінді оқып, #abaychallange хэштегімен бейнежазба жариялауыңыз керек.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен 10 тамызда елімізде Абай күні атап өтіледі.
Ұқсас жаңалықтар