00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда Саха республикасының күндері өтеді

13 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда Саха республикасының күндері өтеді
фото: www.gov.kz

Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени бірлестікті нығайтуға ықпал ететін ынтымақтастықты дамытудың түрлі аспектілері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар 2024 жылдың сәуір айында Қазақстанда Саха республикасының күндері аясында өтетін іс-шараларды талқылады. Іс-шаралар Астана мен Алматыда ұйымдастырылатын болады. 17 сәуірден бастап елорда тұрғындары мен қонақтары «Якутия қазынасы» көрмесінде көрсетілетін Якутияның бірегей мәдени мұрасымен таныса алады, - деді Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік ұлттық қазақ музыкалық драма театрының камералық залында «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің концерті, «Ньургун Боотур» Олонхо операсы, Максим Горький атындағы орыс драма театрының залында «Кыыс Дэбилийэ» Олонхо спектаклі жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматыдағы мемлекеттік театр залдарында да концерттер мен спектакльдер ұйымдастырылады.