00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Күлпет» романының таныстырылымы өтті

18 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Күлпет» романының таныстырылымы өтті
Фото: Elorda.info

Елордада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы-публицист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Дөңгелек үстелге жиналған белгілі қаламгерлер романды жан-жақты талқылады. 

тұсаукесер.jpg

Роман - қаламгердің көркем әдебиеттегі дебюті. Ол бұған дейінгі туындыларын кәсіби журналист ретінде  публицистика жанрында жазған. автордың айтуынша аталған көркем туындыны пандемия кезінде жазып шыққан.

Мен публицистика жанрында 9 кітап жазып, жарыққа шығардым. Жасым ұлғайған соң көрген-білгенімді кесек шығарма арқылы көрсетсем деген ой келді. Пандемия кезінде істейтін жұмыс болмады. Ал мен бос отырғанды ұнатпаймын. Сөйтіп, романды 1 жыл ішінде жазып бітірдім, - деді роман авторы Шархан Қазығұл.

Оның айтуынша, романның атауының өзі интрига, жұмбақ боп тұруы керек. Сондықтан да ол  романға өзгеше ат ойлап тапқысы келді. Сол үшін «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен» көп жұмыс жасады. «Жан азабы» мағынасын беретін «Күлпет» сөзі романның лейтмотивіне сәйкес келді. 

тусаучиу.jpg

Роман елімізде бірінші рет өткізілген «Меценат» әдеби байқауында тұңғыш лауреат атанды. Бәйгеде топ жарған дәл осы романы үшін автор өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алып отырады.

Бұл - жаңа уақыттың жаңа кітабы.Перспективасы кең. Үш буынның өмірін қамтиды. Локация байлығы бар. Онда қазақ әдебиетіндегі тым тосын тақырып көтерілген. Мәселен, Ауған соғысынан Америкаға қашқан қазақ азаматы сонда 30 жыл өмір сүріп, екі қоғамды салыстыруға мүмкіндік алып, елге оралады.  Бұл оқиға әдебиетке жаңалық әкеліп тұр. «Күлпет» романы әлеуметтік-философиялық роман сыпатына келеді, - деді кітап таныстырылымының тізгінін ұстаған мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов. 

роза.jpg

Қаламгер Роза Мұқанова да туындының өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталды.

Романның жауапкершілігі үлкен. Әңгіме,повесть жазып жүргендердің өзі романға келе алмайтын кезі болады. «Күлпет» романы - қазақ қоғамындағы айтулы оқиғаның бірегейі. Ешкімді қайталамайды, ой, сюжет ұрлығы жоқ. Романда басқа форма, басқа стиль бар. Ол адам жанының азаттығына ұмтылдырады. Автордың тілі қарапайым, түсінікті. Бүгінгі күннің оқырманына ыңғайлы,жылдам оқылады, қарапайым тілмен күрделі нәрселерді түсіндірген шығарма. Бүгінгі оқырман жаңа кейіпкер, жаңа туындыны күтеді. Шархан - осыған жаңа соқпақ салған автор, - деді жазушы Роза Мұқанова. 

тусаукереср.jpg

Қаламгерлер мен журналистердің ойталқысынан соң жаңа романның тұсауы кесілді. Туындының алғашқы даналары ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына табыс етілді.