Димаш Құдайбергеннің каратэ әдісін жасап жатқан ВИДЕОСЫ тарады
15 тамыз, 2024


Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің каратэ әдісін жасап жатқан видесы тарады, деп жазады Elorda.info.
Видеоны әлемге әйгілі әншінің әкесі Қанат Айтбаев facebook парақшасында жариялады.
Сахнада еркін ән шырқау үшін денең ширақ болып, бойда қан ойнап тұруы керек, – деп жазды ол.
Желі оқырмандары да таңғалып, Димашқа жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Біздің болашақ президентіміз!», «Көз тимесін!», «Сегіз қырлы, бір сырлы қазақтың Димашы. Әлем тарихында алтын әріппен аты жазылатын қазақтың баласы», «Тағы қандай өнері бар біз білмейтін!», «Досы Джеки Чан болғасын...», - деп жазып жатыр оқырмандар.
Ұқсас жаңалықтар

17 ақпан, 2025
Астанада қостанайлық өнерпаздардың мерекелік концерті өтеді

15 ақпан, 2025
Биыл көрерменге отандық анимациялық фильм ұсынылады

14 ақпан, 2025
Елордада Ескендір Хасанғалиевтің мерейтойына арналған ерекше кеш өтеді

14 ақпан, 2025
Астанада әлемге әйгілі композитор әрі пианист Стив Баракаттың концерті өтеді