00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жақсы әйел босағадағы еркекті төрге шығарады» деген сөзбен келіспеймін – Жанар Айжанова (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жақсы әйел босағадағы еркекті төрге шығарады» деген сөзбен келіспеймін – Жанар Айжанова (ВИДЕО)

Әнші әрі актриса Жанар Айжанова бұрын ешкімге айтпаған жан сырын ақтарған авторлық кітабын жазып жатыр екен, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы ол «Түнгі Студия» тележобасында айтқан. 

Шынымды айтсам, көрінген адам маңызы бар-жоғына қарамай әңгімесін кітап етіп жазып, ақша тауып жүр ғой. Нұрлан, сен де, Дәулет, сен де, мынау мен де қазақтың тәрбиесі мен даналық сөздерін, өзіміз ата-әжелерімізден естіген өсиеттерді кітап етіп жазуға қақымыз бар. Ол келер ұрпаққа пайдалы, – дейді Жанар Айжанова. 

Әншінің бұрын ешкімге айтпаған өмірінде болған оқиғалар мен олардан қалай шыққанын ұштастырып оқырманға жеткізуді мақсат етіпті. Алайда кітапты соңына жеткізуге әншінің уақыты тапшы болып жүр.

Мен ол кітапты баяғыда бастап қойған едім. Содан қалып қойды. Қазір аудиокітаптар жақсы болды ғой. Барлығын аудиоға түсіріп жатырмын, – деді әнші. 

Алайда актриса соңғы кездері жиі айтылатын «жақсы әйел есіктегі еркектің басын төрге шығарады» деген нақылға түбегейлі қарсылығын танытты.

Осы сөзбен мүлдем келіспеймін. Неге еркектің басы төменде, жаман болуы керек? Неге ата-анасы ол ұлды нағыз еркек етіп тәрбиелеуге тырыспайды? Бейшара әйел ол еркекті сүйреп жүргенде өмірі өтіп кетеді. Екі жас та үлкен өмірге, жауапкершілікке дайын болуы керек. Бәріне тек әйелдерді кінәлі етуді қою керек. Әрбір еркек өзінің отбасындағы жауапкершілігі мен міндеттерін жетік білуі керек, – дейді актриса.