Қазақстанда «Кішкентай самурай» фильмі түсіріліп жатыр
25 ақпан, 2023
Айман Нығмет
Kyrgyzcinema.com мәліметінше, күзде түсірілім Жапонияда жалғасын табады.
Фильмнің сценаристі және режиссерлерінің бірі жапониялық продюсер Сано Синдзю. Екінші режиссер қазақстандық Ерлан Нұрмұханбетов.
Негізгі рольдерді Самал Еслямова мен Дәрежан Өмірбаев, сондай-ақ қырғызстандық кинорежиссер Арым Кубат ойнайды. Фильм кеңес-жапон соғысы кезінде әкесін Сахалинге іздеп келіп, бірақ өзі тұтқынға түсіп Қазақстанға жер аударылған жапон баланың оқиғасы туралы баяндайды. Оны Ыбырай есімді қазақ балықшы асырап алған.
Ұқсас жаңалықтар
23 қараша, 2024
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
23 қараша, 2024
Астаналықтар Абай шығармашылығына арналған моноопераны тамашалады
22 қараша, 2024
Елордада әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда қалай жариялау қажеттігі түсіндірілді
21 қараша, 2024
«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі