00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақ хандарына туралы тарихи аудиожоба жарыққа шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақ хандарына туралы тарихи аудиожоба жарыққа шықты

Эксклюзивті тарихи подкаст 10 бөліктен тұрады және Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан сияқты хандар туралы баяндайды. Әр бөлік тек Қазақ хандығының билеушісіне ғана емес, сонымен бірге тарихтағы белгілі бір кезеңге арналған.

Идея авторы және подкасттың продюсері  Елдар Құдайбергенов. Жүргізушісі мен редакторы – Айым Тлепберген. Жобаның өндірісімен Megogo Audio тобы айналысса, кеңесші ретінде Берекет Кәрібаев, Лепуда Мұқатаева, Гүлмира Сұлтанғазы сынды кәсіби тарихшылар қолдау көрсеткен.

KhanCast подкасты – тыңдаушыға еліміздің тарихи кезеңдерін еске түсіріп қана қоймай, халқымыздың тереңдігін, батылдығы мен бірегейлігін де көруге мүмкіндік береді. Өйткені, өткен кезеңдегі әрбір кезең-қазіргі Қазақстанның негізі. Бұл аудио жоба кәсіби тарихшылармен бірге нақты зерттеу болып табылады, нәтижесінде көптеген керемет фактілер келтірілген, – деді Орталық Азиядағы Megogo директоры Нұрлан Чукубаев.