00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» атты кинокөрсетілімі өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» атты кинокөрсетілімі өтті

Аталған кинокөрсетілім Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ұйымдастыруымен өтіп отыр. Ондағы мақсат – қазақтың қара  өлеңіне ешкімге ұқсамайтын өзгеше рең, өшпес бояу беріп қайталанбас құбылысқа айналған  мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен қызмет жолын өскелең ұрпақтың жадынан өшірмеу.

Кинокөрсетілім ақын Мұқағали Мақатаевтың 1973-1976 жылдардағы өмір кезеңдерін қамтыған. Бұл шараның мақсаты – өткен тарихымызды кино арқылы көрсетіп, жастарға насихаттау. Өткенді білмей, келешек жоқ. Осы орайда «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» кинокөрсетілімін ұйымдастырып отырмыз, – деді «Жас Сарбаз» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Шараға «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубтары мен сыныптары қатысты.

Айта кетейік, туындыда қаламгер тағдырының қиын-қыстау кезеңінде шығармашылығын мойындап, жанынан табылған ұлт тұлғалары - Бауыржан Момышұлы, Асқар Сүлейменов, Тоқаш Бердияров, Нұрғиса Тілендиев, Фариза Оңғарсынованың бейнелері көрсетілген.

Басты рөлді белгілі актер Азамат Сатыбалды, жары Лашын Әзімжанованың рөлін Ақбота Қаймақбаева, Бауыржан Момышұлын Бақытжан Әлпейіс, Нұрғиса Тілендиевтің рөлін Бақыт Беделхан, Асқар Сүлейменовты Мақсат Сәбитов, досы Тоқаш Бердияровтың рөлін Рүстем Жаныаманов, Фариза Оңғарсынованың рөлін Ажарлым Мағзұм ойнады. Телехикая режиссері - Дархан Сәркенов, сценарий авторы - Қанат Рамазан.